Оның атап өтуінше, қазіргі таңда еліміздегі есірткіге қатысты ахуал барынша күрделі болып отыр. Дегенмен, бұл сала толығымен бақылауға алынған әрі тұрақты. «Маңызды бағыттардың бірі ретінде Қазақстан азаматтары арасында есірткі тұтыну көлемінің төмендеп келе жатқанын айтуға болады. Тек өткен жылы ғана есірткі тұтынушылардың кемуі 15-15,5 пайызды құрады. Ең қуантарлығы, кәмелетке толмағандар арасында бұл көрсеткіш 30 пайыздан астамға төмендеп отыр», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, есірткі заттарын заңсыз пайдаланумен күрес нақты жолға қойылған. Сонымен қатар Ауғанстаннан есірткі заттарының негізгі бөлігі келетін еліміздің оңтүстік шекаралары күшейтілген. Бұл жұмыстарға ҰҚК, ІІМ, кеден, шекара қызметтері жұмылдырылған.
12:50, 26 Маусым 2014
Қазақстанда есірткі пайдаланатын кәмелетке толмағандар саны 30 пайыздан астамға кеміді - А.Выборов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстанда есірткі пайдаланатын кәмелетке толмағандар саны 30 пайыздан астамға кеміді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов мәлім етті.