Командалар 20 шілдеден бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының https://pflk.kz/rus/news/5720#league=2 жарыстарына қатысу үшін жаңа ойыншыларды тіркей алады.
Мәлім болғанындай, FIFA келісімі бойынша аталған кезеңнің бір аптасы 2021 жылдың көктеміндегі трансферлік кезеңге ауыстырылады. Егер 2020 жылы жарысты аяқтауға мүмкіндік болмаса, бұл шешімнің күші алдағы жылы сақталады.
«FIFA шешімімен елімізде ойыншыларды жазғы тіркеу кезеңі 20 шілдеде басталып, 9 тамызда аяқталады. Ол 21 күнге созылады», - деп жазылған Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетелік, қазірге дейін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үш туры өткізілді. Еліміздегі карантин жағдайына байланысты оны жалғастыру белгісіз мерзімге кейінге шегерілді .
Қазір турнир кестесінде 9 ұпаймен Алматының «Қайрат» командасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда елордалық «Астана» және Қостанайдың «Тобыл» клубтары тұр.