- 3 жылғы көрсеткіштерге тоқталсақ, жалпы интернет-алаяқтардың саны 40 пайызға азайды. Қазіргі кезде 6 млрд теңгеден астам келтірілген залал жәбірленушілерге қайтарылды. Сонымен қатар 170 млн-нан астам телефон қоңырауы бұғатталды, - деді С.Әділов Құрылтайдың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, шетелге 5,5 млрд теңге қаражатты аударуға тосқауыл қойылған.
- 8 айдағы интернет-алаяқтық жағдайына тоқталсам, мұндай әрекеттер 13 пайызға төмендеді. Егер 2025 жылы 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл 14 417 дерек тіркелген. Бұл ретте қылмысты ашу көрсеткіші 7 пайызға жақсарды. Қазіргі кезде банк реквизиттерін сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Антифрод жүйесі де қызметін жалғастырып жатыр, - деді министрдің орынбасары.
Бұған дейін Ұлттық антифрод орталығы 68 млрд теңге көлеміндегі алаяқтықтың алдын алғанын жазған едік.