- Анықтама беру қызметінің басым бөлігі мемлекеттік қызмет тізілімінен шығарылып, пайдаланушы сұранысына қарай eGov, eGov‑mobile, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, басқа да түрлі платформа арқылы дер кезінде ұсынылып жатыр. Еңбекке орналастыру процесін ашық әрі ыңғайлы ету мақсатында еңбек мигранттары мен кәмелетке толмаған азаматтармен электрондық еңбек және ұжымдық шарт жасасу мүмкіндіктері енгізілді, - деді Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар министрдің орынбасары HR Enbek порталының мүмкіндігі туралы айтты.
- Порталда қызметкердің жеке кабинетінде еңбекке жарамсыздық парақшасы, сол жерде кәсіподаққа арналған автоматтандырылған жұмыс орны функционалы, штаттық кестені электронды түрде жүргізу, сондай‑ақ төтенше жағдай туралы хабарлау мүмкіндігі қарастырылған, - деп түсіндірді спикер.
Әлеуметтік қызмет демекші, енді азаматтардың мүгедектігін жасанды интеллектінің көмегімен анықтап, сол сияқты атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жасанды интеллекті қолданылмақ.