Айта кетейік, бүгін Сенат «Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.
С. Медебаевтың пайымынша, аталған шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі өзара ынтымақтастығын арттыруға ерекше мүмкіндік береді. Тараптар қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты кез келген рәсімдерде бір-біріне барынша құқықтық көмек көрсетуді міндетіне алады. Ал құқықтық көмек сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.
«Қазіргі кезде Қазақстан мен Франция арасындағы өзара қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, сондықтан осы Шартты ратификациялаудың маңызы зор. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінде және Страсбургтегі Бас консулдықта Қазақстанның 629 азаматы консулдық есепте тұр, оның 149-ы Францияда тұрақты тұруға құжаттарын ресімдеді. Ал Қазақстан Республикасында 532 Франция азаматы бар, оның 84-інің елімізде тұруға ықтиярхаты тіркелген, 448-і уақытша есепте тұр», - деді сенатор.