Олардың қатарында балалармен жұмыс істейтін 90 маман бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, психикалық денсаулық сақтау жүйесінде психиатрлармен қатар психотерапевтер мен психолог мамандар да қызмет атқарады.
Олар психикалық бұзылыстары бар пациенттерге кешенді көмек көрсетеді.
Ведомство кадрлық ресурстар өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып бөлінетінін атап өтті.
Сонымен бірге кейбір мамандарға деген сұраныс әлі де сақталып отыр. Әсіресе халық саны қарқынды өсіп жатқан және шалғай аймақтарда маман тапшылығы байқалады.
– Көптеген елдердегідей, кадр тапшылығы ең алдымен тез дамып жатқан және алыс өңірлерде сақталып отыр, – деп мәлімдеді министрлік.
Психикалық денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті күшейту үшін Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өңірлерге медицина қызметкерлерін тарту үшін әлеуметтік қолдау тетіктері кеңейтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін психолог Ержан Мырзабаев BIZDIÑ ORTA подкасында жастардың жұмысты жиі ауыстыру себептері туралы пікір білдірген болатын.