– 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2,36 млн ШОБ субъектісі тіркелді, оның 2,18 миллионы жұмыс істеп тұр. ШОБ-тың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі 40,9% құрады, экономикада жұмыс істейтін әрбір төртінші адам осы секторда еңбек қызметін жүзеге асырады, – делінген құжатта.
Атап айтқанда, 2020-2025 жылдары Қазақстанда тіркелген және жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны тұрақты өскен. Тіркелген субъектілер саны 1,61 млн-нан 2,36 млн-ға дейін, ал жұмыс істеп тұрғандары 1,36 млн-нан 2,18 млн-ға дейін ұлғайды. Тұрақты өсу кәсіпкерлік базаның кеңеюін және іс жүзінде жұмыс істейтін ШОБ субъектілері санының ұлғаюын көрсетеді.
Ведомство бұл көрсеткіштер ШОБ-тың ел экономикасындағы маңызды рөлін көрсететеді. Осыған байланысты секторды одан әрі дамыту үшін тиімді мемлекеттік реттеу шаралары қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі ШОБ үлесінің өсуін бірнеше негізгі фактормен байланыстырады.
– Біріншіден, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда айқындау және олардың ресми секторға өтуі ықпал етті. Екіншіден, Кәсіпкерліктің цифрлық картасы мен электрондық үкімет платформалары арқылы тіркеу рәсімдері жеңілдетілді. Үшіншіден, бақылау-қадағалау жүктемесін тәуекелге негізделген тәсілге көшіру арқылы қысқартылды, – деп түсіндірді министрлік.
Айта кету керек, тіркелген ШОБ субъектілерінің басым бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілері құрайды – олардың үлесі 99,9%. Орта кәсіпорындардың үлесі 0,1% болды. Жалпы тіркелген ШОБ субъектілерінің 92,1%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар.
Бұл ретте орта кәсіпорындардың белсенділік деңгейі жоғары болып, 97,8%-ға жетті. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділік деңгейінен 5,6 пайыздық тармаққа жоғары, деп атап өтілген құжатта.
Бұған дейін ҰЭМ Қазақстан бизнесі үшін ең проблемалы бес саланы атаған еді.