«Пробацияның негізгі мақсаты - есепте тұрған сынақ мерзімдегілердің қылмысқа қайта баруын алдын алу. Пробация қызметінің есебіне тұрғызылғандардың саны былтыр тоғыз айда 34 656 адам болса, биыл - 41 093 құрады», - деп атап өтті М.Аюбаев.
Оның айтуына қарағанда, осының әсерінен бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босағандар арасында қайта қылмыс жасайтындар саны төмендеді.
«Егер 2014 жылы 493 қылмыс жасалған болса, 2015 жылы - 263 рецидив тіркелді. Көрсеткіш бойынша, бұл 200 қылмысқа немесе 40,3 пайызға кем. Бұл біздің 200 азаматымыздың тағдыры, құқықтары мен мүддесі қорғалды деген сөз», - дейді ол.
М.Аюбаевтың хабарлағанындай, пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында қылмысқа қайта бару 44 пайызға аз болған.
«Бұл тек жалғыз пробация қызметінің еңбегі ғана емес, бұл қабылданған кешенді шаралардың арқасында мүмкін болды. Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодекс қабылданды, сонымен қатар бұл пробация офицерлері мен пробациялық бақылаудың қатысушылары қол жеткізген ортақ жеңіс», - деді М.Аюбаев.
Айта кетейік, пробация қызметі Қазақстанда 2012 жылдың ақпан айында құрылды. Биылғы жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодекс пробация қызметіне бақылау функцияларын күшейтіп қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік көмек тетіктерін қолдануға да мүмкіндіктер берді.