Қазақстанда киберқылмыстың саны артуда - IIМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы киберқылмыстардың саны жыл санап артып келедi. Бұл туралы ҚР Iшкi Iстер министрлiгi "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігінің жолдаған сауалына берген жауабында хабарлады.

"Биылғы жылдың он айында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған 322 қылмыс (2012 жылы - 296, 2013 жылы - 557 iс) анықталды.

Соның iшiнде негiзгi бөлiгiн авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуға қатысты қылмыстар алады. Ағымдағы жылы оның үлесi 42% немесе 133 iс деңгейiнде тiркелдi. Сонымен қатар алаяқтық - 52, ұрлық - 36, компьютерлiк ақпараттарға қол салу бағытында 32 қылмыс анықталған.

Полицияның хабарлауынша, қылмыскерлерден көбінесе жекеменшiк компаниялар мен заңды тұлғалар жапа шегедi.