«Соңғы уақытта «сенімхат бойынша» автокөліктерін сатқан азаматтарға кейбір айыппұл түрлерін төлеуге қатысты түбіртектер келіп, олар бізге көліктерін есептен шығару туралы өтініштермен жүгінген болатын. Азаматтардың қолында тиісті құжаттарының жоқ болуына байланысты көмек бере алмадық», - дейді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Бахытжан Балташев.
Ал қазіргі кезде көлік құралының иелері ҚРТК және/немесе нөмірлік белгісі болмаған жағдайда орналасқан жері белгісіз автокөлікті есептен шығару мүмкіндігіне ие болды. Мұндай жағдайда арнайы орындар көлік құралының соңғы үш жыл ішінде пайдаланбағанын растайтын сұрау салып, оның қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінің тіркеу бөлімдері көлік құралын есептен шығара алады, деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен.