НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша тоқтатылды. Мұндай ақпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Техникалық ақауларға байланысты арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, мемлекеттік әкімшілік полиция бөлімшелерінің тіркеу және емтиxан қабылдау бөлімшелерінде ақауларды жойғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген таратылған ақпаратта.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.