«Дебиторлық берешекке қатысты тоқталсақ, биылғы қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 13,8 млрд теңгені құрады (2021 жылдың ұқсас кезеңінде дебиторлық берешек 16,3 млрд теңге болды)», - деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, ең қомақта дебиторлық берешек үш қалада тіркелді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 2,5 млрд теңге, Алматыда - 2,5 млрд теңге, сондай-ақ Шымкентте 1,7 млрд теңге сомасында берешек бар.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы 1 қазанға дейін жылу электр орталықтарын отын қорымен қамтамасыз етуді тапсырды .
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, елімізде көмірдің қоры қажетті мөлшерде жинақталды .