— 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады. 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі, — делінген хабарламада.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 18-20 маусым аралығында өтетіні белгілі болып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандатылды.