«Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның айтуыша, 2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелді. Осының нәтижесінде наурызда «британдық» Alpha штамм, «оңтүстікафрикалық» Beta штамм, маусымда «үнділік» Delta штамм, тамызда «нигериялық» Eta штамм анықталды.
«SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді министр.
Айта кетейік, Алексей Цой Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өткенін мәлім етті.