«Кезектен тыс аттестация өткізу біздің бүкіл жүйеміздің дүр сілкініп, бәсекеге қабілетсіз кадрлық масылдықтан арылуына мүмкіндік берді. Енді қызметкерлерді аттестациядан өткізу тұрақты түрде 3 жыл сайын болып тұрады», - деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.
Айта кетейік, құқыққорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялау 2012 жылы өткізілген болатын. Оған 75 мыңнан астам тәртіп сақшысы қамтылып, олар ҚР заңнамасын білу бойынша тест тапсырып, психологиялық тұрақтылық және белгіленген нормативтер бойынша ату және дене жаттығулары сынақтарынан өткен. Аттестация қорытындылары бойынша қызметкерлердің 85%-ы өз қызметтеріне лайықты деп танылып, қалғандары қызметінен босатылып немесе шендері төмендетіліп, я болмаса басқа қызметтерге ауыстырылған.
«Кезектен тыс аттестация өткізу - ішкі істер органдарын кәсіби емес қызметкерлерден тазалап, кадрлық әлеуетті арттыруға арналған тиімді механизм», - деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.