Қазақстанда күн райы күрт суытуы мүмкін - ТЖМ
03:13, 06 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
- Көптеген солтүстік және орталық облыстарда қар жауып, боран соғады, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, - делінген хабарламада.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы –25…–33 °C дейін төмендейді.
Астана қаласында –24…–26 °C аяз күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы күндері күн райы құбылмалы болатыны хабарланған болатын.