— Осы оқиғаның салдарынан әуе кемесіне қосымша техникалық тексерулер жүргізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты әуе компаниясының ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, бұл бірнеше бағыт бойынша бірқатар рейстің кешігуіне әкелді. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі әуе компаниясы үшін сөзсіз басымдық саналады. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар авиациялық қауіпсіздік және әуе кемелерін техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Қазір әуе компаниясы жағдайдың ұшу кестесіне әсерін барынша азайту және рейстердің қалыпты орындалуын тезірек қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
— Жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты авиакомпанияның ресми арналары арқылы қадағалап отыру, сондай-ақ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда әуе компаниясы өкілдеріне жүгіну ұсынылады, — деп ескертті компанияның баспасөз қызметі.
Осыдан бұрын Қазақстанның қай әуежайларында ұшақтар құстармен жиі соқтығысатынын жазғанбыз.