Қазақстанда қылмысқа ұрынатын шетелдіктер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі қай шет мемлекеттің азаматы елімізде көп қылмыс жасайтындығын жария етті.

ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген ведомствоның ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 24 ақпаны аралығында еліміздің Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-ші бабы бойынша 63 ТМД азаматы ұсталған.

«Оның 20-сы - Өзбекстан Республикасының азаматы, 19-ы - Ресей Федерациясының азаматы, 16-сы - Қырғыз Республикасының азаматы және екі-екіден Тәжікстан, Әзербайжан және Украина азаматтары»,- делінген хабарламада.

Мұнан бөлек, қылмыс жасаған Қытайдың және Моңғолияның бір-бір азаматы ұсталған.