Қазақстанда мектеп формасы өзгере ме

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепформасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің 26-шы бұйрығы күшіне енгенінебірнеше жыл болды. Ондағы негізгі нормалар аясында мектеп формасы зайырлысипатқа ие. Сондықтан мектеп формасына қатысты тиісті талаптар қарастырылған.Атап айтқанда, жаңа оқу жылы қарсаңында қандай да бір елеулі өзгерістерді біздеешкім де енгізіп жатқан жоқ», - деді министр Орталық коммуникацияларқызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібінеқатысты түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар