Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог жұмыс істейді.
Оның ішінде:
13 867 — колледж
76 502 — мектептерде
2 679 — мектепке дейінгі ұйымдарда.
Еске сала кетейік, Қазақстанның білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді.
Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істеп жүр.