Қазіргі таңда Қазақстанда 330 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, оның 180-і қалаларда, 150-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үйлестіру мақсатында 202 құзыреттілік орталығы тірек мектепке дейінгі ұйымдар мәртебесіне ауыстырылып, тірек мектептерге бекітілді. Балабақшалар, кеңес беру пункттері және мектептер арасындағы өзара іс-қимылдың қадамдық жоспары әзірленіп, бұл балалардың оқу және тәрбиелеу процесінде сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Құзыреттілік орталықтары балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, трансформацияланатын пәндік-дамыту ортасын жасайды, білім беру процесін ойын түрінде ұйымдастырады және тірек мектептермен тиімді өзара іс-қимыл орнатады.
«Құзыреттілік орталықтары желісін дамыту – мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл балаларға сапалы, икемді және заманауи мектепке даярлықты қамтамасыз етуге, ал педагогтарға – жаңа білім алып, үздік тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді», – деді Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.
Айта кетейік, биыл елімізде 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды.