Қазақстанда нәрестені аяусыз ұрған әйел Өзбекстанда жазаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясы нәрестені аяусыз ұрған әйелдің ісін Өзбекстанға тапсыру бағытында жұмыс істеуде.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ол Өзбекстан азаматшасы, бірақ қылмысты біздің елде жасады. Қазіргі кезде ол өзінің мемлекетінде. Сондықтан да біздің қызметкерлер көрші елге барып, уағдаластыққа сәйкес тергеу жүргізді. Қазіргі кезде Бас прокуратура арқылы қылмыстық істің материалдарын Өзбекстанға тапсыру туралы мәселені шешудеміз»,-деп түсіндірді Қасымов.

Еске салсақ, ағымдағы айда желіде нәрестені аяусыз ұрған атышулы видео пайда болған еді. Кейін әйел Өзбекстаннан табылды.
«Өзбекстан Республикасы ІІМ-мен бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында көрші мемлекет аумағынан шақалаққа қатыгездік көрсеткен күдікті Өзбекстан азаматшасы анықталып, одан жауап алынды. Әйел кінәсін толықтай мойындады. Соталды тергеу аясында күдіктіге қатысты сондай-ақ, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені  және ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлаған еді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат депараментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Видеожазба әйел диванда отырып, бір жасқа толмаған нәрестені ұрып жатқаны анық көрінеді. Ол «аузыңды жап» деп айғайлап,  баланы басынан, бетінен аяусыз ұруда. Бұл әйелдің Алматы тұрғыны екенін бірнеше пікір білдірушілер жазған болатын. Видеоны 8 жасар қыз түсірген. Қазір ол әйелдің қайда екені белгісіз. «8 жасар қыз анасы жұмыста болған кезде видеоға түсіріп алған. Оны іздедік, ол басқа жерге көшіп кеткен, оның қайда екенін ешкім білмейді. Бізді баланың тағдыры алаңдатады. Оның эмигрант екені белгілі болды. Өзі 8 айлық жүкті екен. Баланың тағдырына алаңдайтындар болса, бізге оны іздеуге көмектесуді сұраймыз», - деп жазды әлеуметтік желі пайдаланушы.  

Прошу, простите за негативные новости со вчерашнего дня, но пройти мимо не можем(((( Скажите кто-нибудь владеет какой либо информацией? Надо найти ее и спасать ребенка!! Помогите найти автора или эту бессердечную тварь🙏🏻🙏🏻 #репост

Видео опубликовано @club_dobryakov_almaty Ноя 10 2016 в 10:37 PST