Қазақстанда оқып жатқан шетелдік студенттер 40 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан өңірде академиялық хаб ретінде қалыптасты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

- Шетелдік студенттерге тоқталсақ, осыдан 4-5 жыл бұрын бастаған стратегиямыз өзінің нақты нәтижелерін көрсете бастады. 41 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанда оқып жатыр. Бұл — біздің тарихи рекордымыз, - деді С.Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Ғылым және жоғары білім министрі жалпы, елде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылғанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, кейінгі 7 жылда Қазақстанда 655 мыңнан астам грант берілді.