«Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыс топтары құрылды, онда біз каникул мен үштілді білім беру мәселелерін талқылаудамыз. Комиссияларда біз қоғамның, ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын тыңдаймыз. Түрлі пікірлер бар және біз оларды назардан тыс қалдырмаймыз», - деді Ж.Жонтаева.
Оның айтуынша, жұмыс комиссияларының отырысы Білім және ғылым министрінің, ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп директорларының, білім ұйымдары басшыларының қатысуымен әр апта сайын өтеді.
«Біз апта сайын отырыс өткіземіз, ол өз кезегінде, «Білім» арнасы арқылы трансляцияланады. Қоғамның барлық ұсыныстары ескеріледі және ол бойынша нақты шаралар атқарылады. Бізде ойланатын уақыт бар, 2015-2016 оқу жылын енді ғана аяқтап келеміз. Білім берудің жаңа жүйесі тек 1 қыркүйекте 1 сыныптарға ғана енгізіледі. Біз әрбір жаңашылдыққа ғылыми тұрғыда негіздеме беруіміз керек. Ертең оқушылар үшін оқыту үдерісін жеңілдету үшін, кәсіби мамандардың пікіріне жүгінуіміз қажет», - деп атап өтті Ж. Жонтаева.