ОҚО Байзақ ауданында шомылуға арналмаған жасанды су қоймасында 11 жастағы жасөспірім батып кетті. Сағат 18.43-те жедел құтқару жасағы оның денесін судан алып шықты.
СҚО Қызылжар ауданында шомылауға арналмаған Матище көлінде 2004 жылғы жасөспірім батып кетті. 17.46-да жергілікті тұрғындар оны судан алып шыққан.
Павлодарда шомылуға рұқсат етілмеген Ертіс өзенінде 1999 жылы туған жігіт батып кетті. 20.37 минутта жедел құтқару жасағы оның мүрдесін тапты.
2017 жылғы шомылу масымы басталған сәттен бастап елдің су қоймаларында 34 адам суға кеткен, оның 22-сі бала.
Жыл басынан бастап 87 адам суға батып кетті, оның 50-і - бала. Бұл ретте 55 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды.