Кездесу барысында Қазақстанда минералдық шикізатты терең өңдеу, аккумуляторлық батареялар, энергия жинақтау жүйелерінің өндірісі және пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Үкіметі жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім шығаратын жетекші халықаралық компаниялармен ұзақмерзімді әріптестікті кеңейтуге ерекше мән беретінін атап өтті.
Тараптар шикізатты өңдеуден бастап аккумуляторлар мен энергия жинақтау жүйелерін өндіруге, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды қайта өңдеуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыру мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара мүдделілігін растады.
Анықтама:
«CATL» – электр көліктеріне арналған аккумуляторлар мен энергия жинақтау жүйелерін өндіру бойынша әлемдегі жетекші компания. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның аккумуляторлық өнімдерді өткізу көлемі 661 ГВт·сағ-қа жетіп, түсімі $62,2 млрд, ал таза пайдасы $10,6 млрд-ты құрады. Компания электр көліктеріне арналған аккумуляторларды жеткізу бойынша қатарынан тоғызыншы жыл, ал энергия жинақтау жүйелері бойынша қатарынан бесінші жыл әлемдік көшбасшылықты сақтап келеді.
Айта кетелік ірі халықаралық компания Alatau City жобасына инвестиция салуға ниетті.