Шараның негізгі мақсаты - пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру. Байқауға қатысушыларды физикалық нормативтер тапсыру, қоян-қолтық ұрыс, табельдік қаруды жинау және бөлшектеу, мемлекеттік тілді, заңнаманы білу нәтижелері және зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары бойынша бағалады.
Сонымен, ҚАЖ Ақмола облысы бойынша департаментінде ЕЦ 166/23 қызметкері жеңімпаз болып танылды. Ол тапсырмаларды жеңіл әрі жылдам орындады. ҚАЖ Павлодар облысы бойынша департаментінде бірінші орын мен мамандығы бойынша үздік атағын АП-162/3 түзеу мекемесінің әділет аға лейтенанты Асылтан Жабағин алды.
ҚАЖ Атырау облысы бойынша департаментінде «Үздік инспектор» байқауы өтті. Онда Пробация қызметінің әділет аға лейтенанты Анар Жақсыманова жеңімпаз атанды.