Ресми өкіл жеті күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталғанын жеткізді.
«Осы орайда аталған мерзімде «ізін суытпай» 2 330 қылмыс, сондай-ақ ертеректе жасалған 584 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталды», - деді Нұрділдә Ораз апталық онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, тыйым салынған заттар мен қару-жарақты анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шарасы өткізілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бір апта ішінде ел аумағында 3 012 қылмыс тіркелді, оның 2 040-ы тәулік ішінде ашылды.