Қазақстанда полицияға алатаяқ қайтарылуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтаруға бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жолқозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту,әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеушіполицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігіпатрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесінеқайта енгізуді ұсынады», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.

Бұл ретт министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшінпайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістеркезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы,ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажеттіжағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануғаүзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар