Осы орайда ол комитет күзет қызметі бағытында күзет әрі қадағалау функциясынан босатылғанын атап өтті. Негізгі жұмыс құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.
Сонымен қатар полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуы қадамдары іске асырылып жатыр.
«Дамыған елдер тәжірибесі бойынша (Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур) заманауи модульдік полиция бекеттері орнатылып жатыр. Ол жерде қызметті атқару мен азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдай жасалған. Қазіргі кезде өңірлерде осындай 50 бекет жұмыс істеп тұр», - деді Е. Тұрғымбаев.
Осы орайда ол тағы да мұндай 170 бекетті орнату жоспарланып отырғанын атап өтті.