«Президенттің шешімі қолдауға лайық, себебі ол кемел әрі парасатты шешім болды. Дағдарыстың жаңа толқыны келмес бұрын, біз Қазақстанның Парламентін жаңартып алғанымыз және дағдарысқа қарсы реформаларымызды жаңа күшпен бастағанымыз жөн болады», - деді З.Шаукенова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Философия және саясаттану институты директорының пікірінше, Қазақстанның алдында бүгін жаңа қауіп-қатерлер тұр. Дегенмен бұл кезеңге біз Ұлт Жоспарын орындаудың «100 нақты қадамы» аясында іс-қимылдың нақты жоспарларымен аяқ басамыз.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең қиын онжылдық келетінін ескерткен еді. Бірақ ол кезде мұнай бағасының ең жоғары деңгейі болған кез еді, барлығы қарқынды дамудың шарапатын татып жатқан болатын. Бірақ Елбасы оған малданбай, мұнай қаражатын қиын кезеңдерге деп Ұлттық қорға жинастыра бастады. Сонымен қатар Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдап, ғылымда, білім беру саласында, медицинада бірқатар ірі реформаларды бастап берді. Бүгінде осының барлығы Ұлт Жоспары аясында жаңа ауқымда көрініс тауып отыр», - дейді саясаттанушы.
Еске сала кетейік, 20 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қойды. ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарын сайлау 20 наурызда өтеді.
«Президент Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қою арқылы Елбасы алға кезекті қадам жасағандығын бәріміз де көріп отырмыз. Осындай қадамдарды Қазақстан өз тәуелсіздігінде бірнеше рет жасады. Соның ішінде кезектен тыс электоральды науқандарды да бірнеше рет өткізді. Біз үнемі бір қадам алда жүретіндіктен ғана еліміз осындай жетістіктерге қол жеткізіп отыр», - деп түйді сөзін З.Шаукенова.