«Қазір сейсмикалық аудандарда жұмыс істеп тұрған станциялар мен биостационарлардың саны аз. Тиісінше, ол бағалау және тәуекелді анықтау бойынша қойылған міндерттерді орындауға мүмкіндік бермейді. Мәселен, сейсмикалық бақылауды «СТӘЭ» ЖШС-нің 69 сейсмологиялық станциясы жүргізеді. Оның алтауы істен шыққан. Бүгінде станциялар Алматы, Шымкент қалалары мен 12 облыстың аумағында бар», - деген деректер келтірілген кешенді жоспарда.
Бүгінде Алматы қаласынан басқа сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан ірі шаһарларда қауіпті анықтайтын бірде-бір заманауи құрылғы жоқ.
«Мамандардың есебіне сәйкес, сейсмикалық қауіпті сапалы болжау және оның алдын алу үшін республиканың бүкіл аумағында қосымша 285 сейсмостанция мен 11 биостационар қою қажет», - деп мәселені шешуге бағытталған ұсыныс жазылған құжатта.