Қазақстанда Сейсмикалық қауіпсіздік туралы заң әзірлеу қажеттігі ұсынылды
Алматыдағы көшпелі отырыс Сенат депутаты, аталған комитет төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өтті.
«Қазақстанда «Сейсмикалық қауіпсіздік» туралы заң әзірлеу керек. Аталған заң сейсмоқауіпсіздікке қатысты мәселелерді нақтылап, сейсмология қызметінің деңгейін көтереді», - деді Т.Абақанов.
Бұл ұсынысты Дариға Назарбаева қолдады.
«Сейсмикалық қауіпсіздік туралы» заң әзірлеу бастамасына қолдау танытуымыз қажет деп ойлаймын. Бұл заңда құзырлы мамандар мен түрлі мекемелердің міндеттерін анықтаймыз. Мұнда кадр дайындау мәселесі жүзеге асады, ол адамдар сосын қажет маман болады», - деді Д.Назарбаева.
Айта кетейік, бүгін Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Заңын іске асыру мәселелері талқыланды.