Қазақстанда стенд атудан әлем кубогының кезеңі өтеді
14:44, 04 Наурыз 2026
АСТАНА.KAZINFORM - Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.
Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.
Айта кетейік, конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды.
Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден шпага бойынша әлем кубогы кезеңі өтпек. Халықаралық дода 26-29 наурыз күндері Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады.