«Егер де бұрын жүргізуші көліктің техникалық паспортын жоғалтып алған болса, мамандандырылған ХҚКО-ларға барып, көлігінің нөмірін, құрылғыларының сәйкестігін тексертуі міндетті еді, қазір ол тек бір өтінішпен бір күннің ішінде техникалық паспортты ала алады», - деді Е.Тұрғымбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның нақтылауынша, көлікті тексерту тек техникалық паспортты жоғалту немесе ауыстыру кезінде ғана алынып тасталады.
17:01, 29 Наурыз 2016
Қазақстанда техпаспортты алу кезінде көлікті тексерту қажеттілігі күшін жояды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда техпаспортты алу немесе алмастыру кезінде көлікті тексерту қажеттілігі күшін жояды.Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.