«Өкінішке орай, ата-аналардың бақылауынан тыс қалған балалар көп ретте оқыс жағдайға ұшырап жатады. Көлік сақшылары өз кезегінде, мұндай оқиғалардың алдын алуға бағытталған шараларды ұдайы жүргізіп келеді. Әкімшілік шара қабылдап, соның ішінде, өз өмірлері мен денсаулықтарына немқұрайлы қараған азаматтарды, балаларының қауіпті аймақта үлкендердің бақылауынсыз жүргендері үшін ата-аналарды жауапкершілікке тартады», - деді Көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлнәр Қарсұлтанова.
Оның мәліметінше, 2014 жылдың І тоқсанында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында темір жол көлік нысандарында балалар жарақаттануының (жолаушы поезының 2-сөресінен құлау, қайнаған суға күйіп қалу, темір жолды белгіленбеген жерден өту ережесін бұзу) 12 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жылжымалы құрамның соғып кетуінің салдарынан қайтыс болуына байланысты 2 факті тіркелді.