Қазақстанда теңіз өнімдерінің бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі қалаларда теңіз өнімдерінің бағасы әртүрлі. Kazinform тілшісі асшаян, мидия мен шаянның бағасын салыстырды.

Фото: Kazinform/ЖИ

Қазақстан қалаларында асшаянның келісі 5 000 теңгеден бастап 16 000 теңгеге дейін жетті. Ең жоғары баға Шымкентте тіркелді. Мұнда келісі — 16 000 теңге. Ал ең төмен баға Алматы, Ақтау мен Қостанай қалаларында тіркелді. Асшаянның келісі — 5 000 теңге.

Астана қаласында асшаян бағасы — 14 000 теңге, Павлодарда — 15 000 теңге, Қарағандыда — 13 000 теңге, Жезқазғанда — 14 000 теңге, Талдықорғанда — 13 735 теңге. Ал Ақтөбе мен Петропавл қалаларында келісі — 12 000 теңге, Түркістанда — 11 000 теңге.

Семейде асшаянның келісі — 9 000 теңге, Өскеменде — 8 500 теңге, Көкшетау мен Таразда — 8 000 теңге, Оралда — 7 550 теңге. Атырау, Қызылорда мен Қонаев қалаларында келісі — 6 000 теңге.

Мидия бағасы еліміздің қалаларында шамамен 1 500 — 7 000 теңге аралығында. Ең төмен баға Қостанай қаласында 1 5000 теңге болса, ең жоғарысы Павлодар қаласында. Мұнда келісі — 7 000 теңге.

Шымкент қаласында мидияның келісі — 6 500 теңге, Астана мен Ақтауда — 6 000 теңге. Семейліктер мидия келісін 5 500 теңгеге сатып алады. Ақтөбе, Орал, Өскемен мен Қонаевта келісі 5 000 теңгеден басталады.

Жезқазған қаласында мидия келісі — 4 500 теңге, Талдықорғанда — 4 230 теңге, Алматы мен Көкшетауда — 4 000 теңге. Таразда келісі — 3 700 теңге, Қызылордада — 3 600 теңге, Қарағандыда — 3 300 теңге, Түркістанда — 3 000 теңге. Атырау қаласында келісі 2 500 теңге болса, Петропавлда — 2 140 теңге.

Инфографика: Kazinform

Қазақстан қалаларында шаянның келісі 5 000 — 16 500 теңге аралығында. Ең жоғары баға Астана қаласында тіркелді. Келісі — 16 500 теңге. Ең төмен баға Қызылордада. Келісі — 5 000 теңге.

Павлодар мен Көкшетауда шаянның келісі — 13 000 теңге, Семейде — 11 500 теңге, Ақтөбе мен Өскеменде — 11 теңге. Талдықорған қаласында келісі — 10 500 теңге, Таразда — 10 000 теңге, Петропавлда — 9 000 теңге.

Шымкент пен Жезқазғанда шаянның келісі — 8 500 теңге, Орал мен Қонаевта — 8 000 теңге. Алматы, Ақтау, Қостанай, Қарағанды мен Түркістанда келісі — 7 000 теңге. Ал Атырау қаласында шаянның келісі — 5 500 теңге. Демек теңіз өнімдерінің ішінде ең арзаны мидия. Қостанайда келісі 1 500 теңге. Ең қымбаты шаян. Астанада келісі 16 500 теңге. Асшаян Шымкент қаласында қымбат. Келісі 16 000 теңге.

Фото: Kazinform/ЖИ

Айта кетейік, бұған дейін бір асым ет бағасы жазылды.