«Жыл сайын Қазақстанда қылмыстық процестерде заң бұзушылықтар азаймай тұр. Азаптауға қатысты шағымдар көп. Куәгерлерді көндіру немесе қорқыту мүмкіндігі бар. Адами факторға тосқауыл қойып, жаңа технологияларды батыл енгузі керек. Барлық үрдісті бейне таспаға жазуды ұсынамыз. Тергеу органдарында жауап алатын арнайы кабинеттерді құрудың уақыты жетті. Бұл әлемдік тәжірибе. Ондағы тергеу амалдары ашық жүргізіледі, осы ретте кабинеттер бейнекамералармен жабдықталған. Таспадағы мәліметтер хаттамаға тіркеледі», - деді Кененбаев.
Осы орайда ведомство заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін сәуір айында ұсынуды жоспарлап отыр.