Оның айтуынша, мемлекет цифрлық активтерді заңды айналымға қайтару үшін «жасыл дәліз» ашады.
– Бұған дейін сатып алған немесе өндіріп алған цифрлық активтері бар азаматтар оларды ерікті түрде жария ете алады. Бір ғана талап бар – активтер қазақстандық провайдерлер арқылы заңды инфрақұрылымға ауыстырылуы тиіс, – деді министр.
Оның айтуынша, цифрлық активтерді ерікті түрде жария етудің құқықтық тетігі осы жылдың соңына дейін әзірленеді.
Сонымен қатар министр нарық қатысушылары көптен бері көтеріп жүрген тағы бір мәселе шешімін табатынын айтты. Оның сөзінше, 1 тамызға дейін жекелеген клиенттердің шоттары заңды негізде бұғатталған жағдайда, криптопровайдерлердің операциялық шоттарының бұғатталуына жол бермейтін тетік әзірленеді.
– Платформа мен оның мыңдаған пайдаланушысы бір заң бұзушының әрекетінен зардап шекпеуі керек, – деді Жаслан Мадиев.
Бұған дейін Қазақстанда сотталғандардың цифрлық активтерін сақтау нысаны айқындалғаны жайлы жаздық.