Осы орайда А. Базылбеков туберкулезден емдеу міндетті болғанымен, бұл тұрғыда ешқандай заңнамалық тұтқа жоқ екенін сөз етті.
«2012 жылы бізде мәжбүрлі емдеу фактілері тіркелген жоқ. Атап айтқанда бостандыққа шыққан барлық сотталушылар ем-дом шараларын жалғастыруға келісімін беріп, бас тартпайды. Алайда біз заңнамалық түрде оларды мәжбүрлі түрде емделуге жіберуге құқымыз жоқ. Олар міндетті түрде емделуі тиіс»,-деп түсіндіріп өтті төраға орынбасары.
Сонымен қатар ол қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің туберкулезге шалдығуы мәселесіне тоқталды. Оның мәліметтеріне қарағанда, соңғы үш жылда 61 қызметкер аталған дертпен ауырған, оның ішінде 5 медициналық қызметкер бар.