Полицейлердің айтуынша, бұл тармақ тиісті заңнамаға енгізілген.
«Егер бұрын тіркеусіз тұрып жатқан адамдарға айыппұл ғана көзделген болса, енді енгізілген түзетулермен тіркеусіз 10 күннен 3 айға дейін тұрған адамдарда ескерту қарастырылған. Егер 3 айдан астам уақыт тұрса - айыппұл салынады. Өз баспанасы жоқ адамдар қайткенде де бір жерде тұрады, немесе үй жалдайды - олар есепке тұруы немесе жұмыс орнында тіркелуі тиіс»,- деді ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінің визалық жұмыстар басқармасы бастығының орынбасары Дулат Ысқақов.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары тіркелген жері бойынша тұрмайтын қазақстандықтарға айыппұл салуды бастайды. Сонымен қатар, баспана ұсынған пәтер иелеріне де айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден аспайды.