Бұл ақпарат ҚАЖ Комитетінің төрағасы, әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалиннің қатысуымен өткен республикалық пенитенциарлық жүйесі ведомствосының орталық аппараты басшыларының кеңесі кезінде айтылды.
Кеңестің басты тақырыбы - 2015 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне енген жаңа ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерін тәжірибеде іске асыру.
Осылайша, жаңа қылмыстық-атқару заңнамасын іске асыру аясында жыл басынан бері 7 219 материал қаралып, соның қорытындылары бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан 200-ге жуық адам босатылған, 700-ге жуық адамның жазасын өтеу мерзімдері қысқартылды.
Бұдан басқа, жүкті әйелдерді, кішкентай балалары бар әйелдер, кішкентай балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген ер адамдар, 58 жастағы әйелдер мен 63 және одан көп жастағы ер адамдарды шартты түрде мерзімнен бұрын босату мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Жаңа қылмыстық-атқару заңнамасын іске асырудың нәтижесінде 2015 жылдың 1 мамырында республика бойынша арнайы контингенттің жалпы саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 100 адамға азайған.