«Ағымдағы жылы 133 мың түлектен ҰБТ тапсыруға 92 мың немесе 72% тіркелді. Қазақ тілінде ҰБТ-ді 64 мың түлек, орыс тілінде - 28 мың тапсырады», - деді А.Сәрінжіпов.
«Алтын белгі» алуға, министрдің мәліметінше, 4 400 түлек үміткер. «ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар қалыптастырылған», - деп атап өтті БҒМ басшысы.