3 күндегі тестілеу нәтижесі бойынша, орташа балл - 78,4. Бұл көрсеткіш 2014 жылы - 77,1 бал болған.
100 балдан жоғары нәтижені 3 154 (16,4%) түлек алды. 2014 жылы - 4 018 (16,7%) болған. 125 балды 2 оқушы алды: Самат Сымбат Куанышқызы, БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова, ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі. 2014 жылы бұл көрсеткішке ешкім жете алмаған. 9 түлектің тестілеу нәтижелері жойылды. 50 балдық шеткі деңгейді 3 992 түлек (20,7%) тапсыра алмады. 2014 жылы - 5 829 (24,2%). Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына да енгізілді www.testcenter.kz.