Министр бүгінгі ойында спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап, бар күш-жігерін салғанын атап өтті. Сондай-ақ спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін айтып, ең бастысы — жігерді жасытпай, алдағы халықаралық жарыстар мен басқа да ірі додаларға дайындықты жалғастыру екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 11 ұлттық спорт түрі жүйелі түрде дамытылып келеді. Ұлттық спорт түрлеріне мемлекеттік қолдау күшейтіліп, оларды дамыту мен спортшыларды даярлау мәселесінде олимпиадалық спорт түрлерімен тең дәрежеде жағдай жасауға басымдық беріліп отыр.
Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама ойыншыларына алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен аяқтады.
Байрақты доданың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.