Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

— Институт аясында нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және т. б.) нарықтан тартылған білікті мамандардың қатысуымен салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Осыған дейін Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс сараптама жүргізу тәртібі бекітілетінін жазғанбыз.