Қазақстанда Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығымен  Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілді.

Қазақпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бұйрығы №444

2012 жылғы 28 қыркүйек ,      Астана қаласы

Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-3-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетовке және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым
министрі Б.Жұмағұлов.


Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы Г.Әбдіқалықова.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және
Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін
атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі  № 373-ө-м бірлескен бұйрығымен  бекітілген

Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында айқындалған білім деңгейіне сәйкес келеді.

ҰБШ біліктіліктердің салааралық салыстырмалығын қамтамасыз ете отырып, салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін бірыңғай шәкілді айқындайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.