«Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
Бұл тұрғыда министр Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін атап өтті.
«Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл педагогтардың құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралды .
2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы 25 пайызға өседі.