НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семейде волейболдан әйелдер командасы арасында клубтық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Клубтық құрлықтық додада алты команда бақ сынайды.
Еліміздің атынан дүбірлі додада «Алтай» және «Қуаныш» клубтары Иран, Таиланд, Өзбекстан мен Жапониядан келетін командалармен бәсекеге түседі.
Турнир 24-30 сәуір аралығына жоспарланған. Алғашқы кезеңнен кейін алғашқы орындағы екі топ команда чемпиондық атаққа таласады.
Ал үшінші және төртінші орында қалған клубтар қола жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2-орын алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.