Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыз құрамасы 2-орын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыз құрамасы 2-орын алды

Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсті. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар.

Қазақстандық гандболшылар төртінші кездесуде Өзбекстанды 31:29 есебімен тізе бүктірді. Одан бұрын Сириядан 32:14, Үндістаннан 28:21 есебімен басым түскен еді.

Ал алғашқы кездесуде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойды.

Нәтижесінде бірінші орын сегіз ұпаймен ирандық қыздарға бұйырса, алты ұпаймен қазақстандық гандболшылар екінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарға Өзбекстан, Үндістан және Сирия қыздары ілікті.